Новости

Новости, события, объявления

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында оқыту семинары

2024 жылғы 17-19 қаңтар аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында SPARCS радиациялық мониторинг жүйесін пайдалану және қызмет көрсету семинары өтті. Оқытуды Қазақстан-американдық энергетикалық әріптестігі шеңберінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі әкімшілігінің Ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат және ынтымақтастық басқармасы ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды әуе кемелерінде және жер үсті көліктерінде пайдаланылатын SPARCS радиациялық мониторинг жүйесімен танысу. Семинар барысында қатысушыларға SPARCS жүйесінің жабдықтары, жүйе компоненттері, жүйені баптау рәсімі және техникалық қызмет көрсету көрсетілген болатын.

Семинар реттеушілік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мамандарына, радиоактивті көздерді іздеуге, сондай-ақ радиоактивті материалдармен байланысты апаттардың зардаптарын жоюға қатысатын радиациялық бақылау мен қауіпсіздікке жауапты Қазақстанның атом саласы кәсіпорындарының мамандарына арналған. Оқыту аясында АҚШ нұсқаушылары теориялық, практикалық және далалық сабақтар өткізді. Оқыту қорытындылары бойынша 16 қазақстандық маманға семинарды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.