Новости

Новости, события, объявления

Республика күніне орай марапаттау шарасы өтті

25 қазан ұлттық мейрам Республика күніне орай Ядролық физика институтында(ЯФИ) салтанатты марапаттау шарасы өтті. Мерекелік шарада қызметкерлерді бас директор Саябек Сахиев құттықтап, Институттың cоңғы жылдағы ғылым, халықаралық қатынастар, өндіріс бағытындағы жетістіктеріне тоқталды. Сөзінде бас директор ғылыми қызмет бойынша, сондай-ақ кадрларды даярлау саласында ЯФИ бірқатар СERN, MIT, I2EN сынды 7 ірі Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шарттарына қол қойылғандығы, литий керамикасын сәулелендіру жұмыстары басталғандығы және археологиялық үлгілерді нейтрондық рентгенография әдісімен зерттеу жүргізіліп жатқанын баян етті. Сонымен қатар 18F, PSMA 99mTc, 177Lu секілді радиофармпрераттардың өндіріс технологиялары әзірленіп, 99Mo/99mTc генераторларын Қырғызстан Республикасына тасымалданатынын жеткізді. Салтанатты шара барысында Республика күніне орай адал еңбегі мен еліміздің атом саласының дамуына қосқан үлесі үшін11 қызметкер Құрмет грамотасымен, 7 қызмет арнайы алғыс хатпен марапатталды. Кәсіподақ ұйымы атынан 8 қызметкерке ұйым жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді. Іс-шара соңы қызметкерлердің ұйымдастыруындағы мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды. Декларацияда елдің территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті мен демократиялық зайырлы бағдары және мемлекеттік рәміздері бекітілді. 2009 жылы мерекелік күнтізбеден алынған мереке, 2022 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңғырып,ұлттық мереке мәртебиесіне ие болды.