Новости

Новости, события, объявления

Профессор Виктор Ким дәріс оқыды

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Курчатов институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының Санкт-Петербург ядролық физика институтының жоғары энергия физикасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, профессор Виктор Кимнің дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы элементар бөлшектер физикасының өзекті мәселелеріне арналды. Ғылыми дәрісті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ядролық физика институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Виктор Ким – Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымындағы (CERN) CMS тобының жетекшісі және Біріккен ядролық зерттеулер институтындағы (JINR) SPD NICA ынтымақтастығының ресми өкілі. Виктор Ким жоғары энергиялар физикасы теориясы саласындағы 70-тен астам жұмыстардың авторы, Scopus деректер базасы бойынша оның индекс Хиршасы – 117. Виктор Ким SPD NICA коллобарациясының ресми өкілі болып табылады.
Ядролық физика институты SPD коллобарациясының, БЯЗИ-гі NICA коллайдерінде Spin Physics Detector (SPD) бойынша эксперимент жүргізу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес 2023 жылдан бастап халықаралық SPD NICA коллобарациясының ресми қатысушысы болып табылады.