Новости

Новости, события, объявления

Институттың 52 қызметкері қазақ тілі курсының А1 деңгейін аяқтады

Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитетіне қарасты Тіл басқармаларында «ҚР Тіл туралы Заңның» орындалу бағытында «Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту» бағдарламасы бойынша Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалында 2023 жылдың 1 тамызы мен 20 желтоқсан аралығында мемлекеттік тілден А1, яғни бастапқы деңгейі бойынша толық курсты табысты аяқтап, келесі А2 базалық деңгей курсына өтті.

5 ай ішінде қызметкерлер А1 деңгейіне арналған тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларындағы тапсырмалар мен практикалық жаттығулар арқылы сөйлеуді және жазуды үйренді. Жалпы қазақ тілі курсына Институттың 52 қызметкері қатысып, 42-не курсты толық аяқтағаны жөніндегі сертификат табысталды. 10 қызметкер арнайы анықтама алды. Айта кетcек, мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту курсы Институт қызметкерлері үшін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Мемлекеттік тілді оқып-үйренумен қатар Институт қызметкерлері қаңтар айынан бастап ағылшын тілін оқып-үйрену курсына да қатысуда.