Новости

Новости, события, объявления

Бас директор Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілімен кездесті

Институт бас директоры Саябек Сахиев Женева қаласындағы сапары аясында Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Ядролық физика институтының NA62, DRD1, DUNE коллабарацияларына қатысуы мен Институт делегациясының Еуропалық Ядролық зерттеулер ұйымына (CERN) сапар жайы сөз етілді. Осы аптада бас директор бастаған Институт делегациясы әлемдегі жетекші ұйым Еуропалық Ядролық зерттеулер ұйымына (CERN) барып, эксперементтік залдар мен аймақтардың жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ сапар барысында Институт қызметкерлерінің коллаборациядағы ағымдағы сеанс барысындағы белсенді үлестері талқыланды.

Айта кетсек, өткен жылы маусым айында отандық ғылым үшін маңызды қадамдардың бірі — Ядролық физика институты мен Еуропалық Ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасында NA62 экспериментіне қатысу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.