Біз Сізді 2024 жылғы 7-11 қазанда Алматы қаласында өтетін "Ядролық ғылым және технологиялар" V Халықаралық ғылыми форумының ақпараттық бетінде көруге қуаныштымыз. Форум іргелі және қолданбалы ядролық физика, жоғары және аса жоғары энергия физикасы, қатты дене физикасы, радиациялық материалтану, атом энергетикасы, радиациялық экология, ядролық-физикалық талдау әдістері, медицинада, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында ядролық және радиациялық технологияларды қолдану саласындағы негізгі жетістіктерді талқылауға арналған алаң болады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (ЦЕРН) Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (ХҒТО)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Қазақстан-Британ техникалық университеті АК
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академиясы»
ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
15-ші «Ядролык және радиациялық физика» Халықаралық конференциясы,
4-ші «Медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар» Халықаралық конференциясы,
«Introduction to high-energy physics, accelerator technology and nuclear medicine» ЦЕРН мектебі.
• Ядролық реакция механизмдері және ядролар құрылымы;
• Ауыр және аса ауыр элементтер: синтез және бөліну;
• Төмен және орташа энергиялар ядролық физикасы, ядролық астрофизика; Жоғары энергиялар физикасы, ғарыштық сәулелер физикасы және космология
• Ядролық зерттеу және энергетикалық қондырғылар;
• Басқарылатын термоядролық синтез;
• Атом энергетикасы қауіпсіздігі;
• Қатты денелерде ақаулардың қалыптасуы және эволюциясы;
• Ядролық және термоядролық техниканың конструкциялық және отын материалдары;
• Плазма және зарядталған бөлшектер шоқтарымен материалдарды модификациялау;
• Жаңа материалдар және оларды алу әдістері, наноматериалдар;
• Конденсацияланған күй физикасы;
• Бұрынғы ядролық полигондарды радиоэкологиялық зерттеу, қауіп-қатерлерді бағалау және дозиметрия мәселелері;
• Радиациялық-қауіпті объектілер мен аумақтардың экологиялық қатерін төмендету технологиялары, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;
• Қолданбалы ғылыми зерттеулердегі және ядролық сот сараптамасындағы аналитикалық әдістер..
№4-1 «Ядролық медицина» бағыты: Медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар.
№ 4-2 «Радиациялық технологиялар» бағыты: Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы радиациялық технологиялар.
«Introduction to high-energy physics, accelerator technology and nuclear medicine» ЦЕРН мектебі
Жоғары энергиялар физикасы, ядролық физика, ядролық медицина және үдеткіштер физикасы саласындағы студенттерге, магистранттарға және аспиранттарға арналған. Мектеп аясында әлемнің жетекші ғылыми ұйымдары ғалымдарының дәрістері өткізіледі. Мектеп тақырыптары:
• Жоғары энергиялар физикасы;
• Үдеткіштер физикасы;
• Ядролық физика;
• Ядролық медицина және медициналық мақсатта қолдану;
• Есептеу және үлкен деректер;
• Үлкен адрон коллайдерінің келешегі.
Ағылшын, қазақ, орыс
Баяндама материалдары бойынша тезистер жинағы шығарылады.
Конференцияда жасалған баяндамалардың материалдары бойынша мақалалар келесі журналдарда жариялануы мүмкін:
Барлық бағыттар бойынша: «IOP Journal of Physics Conference Series» https://iopscience.iop.org/journal/1742-6596
Барлық мақалалар қос соқыр рецензиялау әдісімен қаралады.
Форумды ұйымдастырушылар рецензенттердің және/немесе журналдардың редакциясының шешімі бойынша мақаланың жарияланымнан алынуына жауапты болмайды. Жариялау шарттары туралы қосымша ақпаратты тиісті журналдың веб-сайтынан табуға болады.
Мақаланы жариялаумен бетпе бет қатысу (ұйымдастыру жарнасы 230$);
Мақаланы жарияламай бетпе бет қатысу (ұйымдастыру жарнасы 100$);
Мақаланы жариялаумен онлайн қатысу (ұйымдастыру жарнасы 130$);
Мақаланы жарияламай онлайн қатысу (ұйымдастыру жарнасы 0$).
Тіркеу 2024 жылғы 30 маусым сағат 00:00-ге дейін ашық (Алматы уақыты, GMT+5) Баяндамалардың тезистерін беру мерзімі - 2024 жылғы 30 маусым, 00: 00 (Алматы уақыты, GMT+5)