Ғылыми қызметі ядролық астрофизика мен термоядролық реакциялардағы маңызды мәндеріне байланысты жеңіл ядролардың (оның ішінде нейтроны артық) қасиеттерін зерттеумен байланысты.
Евгений Леонидович Ермаков 2007 жылғы 18 маусымнан бастап Бүлдірмейтін бақылау және сынау әдістері ғылыми-техникалық орталығының (ББСӘ ҒТО) бастығы қызметін атқарады. Қызметінің негізгі саласы ББСӘ ҒТО қызметін басқару және дамытумен, оқыту және аттестаттау бағдарламаларын әзірлеумен, бүлдірмейтін бақылау әдістері бойынша персоналды кәсіби даярлау курстарын ұйымдастырумен және өткізумен байланысты. Практикалық және зерттеу жұмысы өнеркәсіптік жабдықтар мен құбыр желілерінің, атом энергетикасы объектілерінің жұмысқа жарамдылығын бағалау үшін бүлдірмейтін бақылау әдістерін қолдануға және дамытуға бағытталған.