ЯФИ халықаралық ынтымақтастығы АҚШ, Швейцария (CERN), Ресей Федерациясы, Жапония, Чехия Республикасы, ҚХР, Франция, Германияның әлемдік ғылыми ұйымдарымен, сондай-ақ АЭХА халықаралық ұйымымен және басқалармен жасалған меморандумдар мен шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
ТОЛЫҒЫРАҚ АШЫП ОҚУЯФИ жасалған халықаралық шарттар мен меморандумдар шеңберінде ядролық ғылым мен технологиялар, оның ішінде материалтану, сондай-ақ кадрларды даярлау саласындағы келесі әлемдік көшбасшылармен халықаралық ынтымақтастықты іске асырады және жалғастырады:
– Массачусетс технологиялық институтымен (MIT, АҚШ) ядролық ғылым және технологиялар, материалтану саласында (2023 ж., алдыңғы 5 жылдық меморандумды ұзарту); ЯФИ PhD докторанттары мен қызметкерлерін даярлау бағдарламалары шеңберінде байланыстарды кеңейту, MIT ғылыми зертханалары базасында докторанттардың тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету; қатты денелер радиациялық физикасы саласында бірлескен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету; ЯФИ-да TGS жүйесінің жұмыс үстелі нұсқасын құруды ескере отырып, TGS-спектроскопия (transient grating spectroscopy/TGS) әдістемесін әзірлеу саласындағы ынтымақтастық.
– Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымымен (CERN, Швейцария) Институттың NA62 коллаборациясына қатысуы бойынша (2023 ж.), Институттың осы коллаборацияға қатысуы аясындағы міндеттері мен жауапкершілігі straw-спектрометрді пайдалануда және техникалық қызмет көрсетуде, straw-технологияларды дамытуда, детекторларды жасау мен құрастыруда қосатын үлесі болып табылады. ЯФИ мамандар тобы экспериментке техникалық қызмет көрсетуіне, деректерді жинауға және талдауға қатысады;
NA62 коллаборациясы (CERN). 2023 жылдың маусымында Женева қаласында ЯФИ, CERN және NA62 (CERN) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ядролық физика институтының NA62 коллаборациясына кіруі қазақстандық ғылым үшін тарихи оқиға болып табылады, өйткені бұл CERN-де Қазақстан атынан қатысатын алғашқы эксперимент.
NA62 – «алтын» мод деп аталатын зарядталған К-мезонның П-мезонға және нейтрино-анти-нейтрино жұбына ыдырауын алуға бағытталған CERN-де Супер-протонды синхротрон үдеткішінің шығарылған шоғындағы эксперимент. NA62 алдыңғы NA48, NA48/1, NA48/2 – жоғары дәлдіктегі эксперименттер топтамасының жалғасы болып табылады, олар CERN жүргізілген ең үздік эксперименттік жетістіктердің қатарына енді және жоғары өлшеу дәлдігімен ерекшеленді. NA62 экспериментінің жалғасы HIKE эксперименті болады (2022 жылдың қазан айында Ядролық физика институты Ниет хатына қол қойды).
– SPD коллаборациясы шеңберінде NA62 экспериментін жүргізу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум SPD коллаборациясы, Біріккен ядролық зерттеулер институты арасында SPD коллаборациясының ынтымақтасушы ұйымдары – қабылдаушы зертхана және мекемелері ретінде NICA коллайдерінде спиндік құбылыстарды зерттеуге арналған жұмыстар.
2022 жылдың қазан айында ЯФИ бір топ ғалымдары NICA жобасының SPD (Spin Physics Detector) Megascience экспериментіне кіруге қызығушылық танытты. Коллаборация жетекшілерінің бірі профессор В.Т. Киммен алғашқы бейресми байланыстардан кейін БКБ арқылы үш кездесу ұйымдастырылды.
2023 жылдың наурыз айында SPD Коллаборациясы, БЯЗИ және бірлесіп жұмыс істейтін Институттар арасында NICA коллайдеріндегі Спиндік физика детекторында (Spin Physics Detector – SPD) эксперименттер жүргізу мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Коллаборацияға Армения, Беларусь, Чили, Қытай, Куба, Чехия, Египет, Италия, Қазақстан, Польша, Ресей, Сербия, Оңтүстік Африка және Украина ғалымдары кіреді.
Бұл Меморандум NICA коллайдеріндегі спиндік құбылыстарды дәл зерттеуге бағытталған «Спиндік физика детекторы» экспериментін дайындауға және жүргізуге ЯФИ ғалымдары тобының да қатысатындығын білдіреді.
Зерттеудің/жобаның мақсаты SPD/NICA-да спин физикасын зерделеуге арналған тректік детекторын әзірлеу және кезең-кезеңімен құру болып табылады. NICA коллайдерінің барлық қол жетімді энергия аралықтарында оңтайлы жұмыс істеу үшін шоқтық есептегіштердің (SPD Beam-Beam Counters) конфигурациясын анықтау.
Жоғары энергиялар физикасы және ядролық физика саласында, детекторлық технологиялар мен деректерді талдауда айтарлықтай тәжірибесі бар ЯФИ тобы келесі үлестерін қосады:
- SPD straw-трекері: straw-технологияларды дамыту, straw-трекерден деректерді оқып алуды оңтайландыру;
- Straw-трекерін оңтайландыру үшін Монте-Карло әдісімен модельдеу, қайта құру және талдау алгоритмдері;
- Beam-Beam Counter (BBC) детекторы: модельдеу және оңтайландыру.
– Карлсруэ технологиялық институтымен (KIT), ГФР жасалған меморандум.
Меморандум термоядролық технологиялар саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған екі ұйым арасында ынтымақтастық орнатуды қарастырады. ЯФИ және KIT меморандум аясында өзекті ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуды, термоядролық технологиялар саласында бірлескен зерттеулер жүргізуді және халықаралық рейтингтік журналдарға бірлескен қолжазбалар мен екіжақты ынтымақтастық тақырыптамасы бойынша халықаралық конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындауды жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.
Бүгінгі таңда Карлсруэ технологиялық институты Германияның жетекші мемлекеттік білім беру университеттерінің бірі және ең ірі ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Университет 19 неміс ғылыми-зерттеу орталықтарын біріктіретін Гельмгольц қауымдастығының мүшесі.
Меморандумға қол қою болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін береді, сондай-ақ екі елдің ғылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Сонымен қатар, 2023 жылдың шілдесінде ЯФИ мен KIT термоядролық реактор бланкетінің қатты денелі материалы болып табылатын перспективті екі фазалы литий керамикасынан тритийдің бөлінуін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізу үшін үш жылдық келісім-шартқа қол қойғанын атап өткен жөн. Жоба термоядролық энергияны іске асыру бойынша Еуропалық Одақтың Жол картасының өзекті міндеттерінің бірі – термоядролық реакторды отынмен өзін-өзі қамтамасыз етуді шешуге бағытталған. Зерттеулер ССР-Қ реакторы базасында жүргізіледі және олар келесі негізгі міндеттерді қамтиды: төмен температуралы және жоғары температуралы сәулелендіру үшін сәулелендіргіш капсуласының конструкциясын әзірлеу; сәулелендіргіш капсулаларды дайындау; тритийді өлшеу жүйесін әзірлеу және құру; үрлеп тазарту газын дайындау жүйесін әзірлеу және құру; тритийді кәдеге жарату жүйесін әзірлеу және құру; түрлі режимдердегі реакторлық эксперименттер жүргізу. Жоспарланған жұмыстардың негізгі нәтижелері әртүрлі температурада және құрамы әртүрлі үрлеп тазарту газдарында перспективті екі фазалы литий керамикасынан алынған тритийді генерациялау және шығару туралы эксперименттік деректер болады. Алынған деректер перспективті екі фазалы литий керамикасын нақтылыққа жақын жағдайларда сипаттауға, сондай-ақ оны ITER және DEMO термоядролық қондырғыларында пайдалану мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
– ҚР ЭМ «ЯФИ» ШЖҚ РМК мен «М.В. Ломоносов атындағы ММУ» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, Д.В. Скобельцын атындағы ЭТФҒЗИ арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт.
- ЯФИ мен РҒА Ядролық зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Келісім Байкал GVD (Gigaton Volume Detector) жобасына кіру аясында жасалған. Жоба шеңберінде ЯФИ қызметкерлері деректерді өңдеу және модельдеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Дымқыл детекторларды құрастыру жұмыстарына қатысу ұйғарылды. Жоғары энергиялы нейтрино өтуінің жалған сәйкестігі жағдайлары үшін деректерді симуляциялау және өңдеу жүргізіледі.
- ҚР ЭМ «ЯФИ»ШЖҚ РМК мен Ресей ғылым академиясы «П.Н. Лебедев атындағы Физикалық институт» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт. П.Н. Лебедев атындағы ҒАФИ мен ЯФИ арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қоюдың алғышарты ЯФИ-да «Ғарыштық сәулелер физикасы» зертханасын құру болды. Штат кестесі бекітілді. Қазіргі уақытта зертхананы жоғары білікті ғылыми қызметкерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
- 2017 жылғы 27 шілдеде «Еуразиялық биік таулы ғарыштық сәулелер ғылыми орталығы» мен ЯФИ арасындағы консорциумға кіру туралы шартқа қол қойылды.
ЯФИ-ның «Еуразиялық биік таулы ғарыштық сәулелер ғылыми орталығы» консорциумына кіруі Институттың Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясында (ТШБТҒС) жүргізілетін ғылыми зерттеулеріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Консорциум шеңберінде ЯФИ «Ғарыштық сәулелер физикасы» зертханасының ТШБҒС-мен кооперациясында бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл зертханаға ТШБҒС инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.
- Memorandum of Cooperation between the Institute of Nuclear Physics of the Ministry of Energy of the RK and Institute of Experimental and Applied Physics, Czech Technical University in Prague;
– Қытай Атом энергиясы институтымен келесі тармақтар бойынша ықтимал ынтымақтастық: нейтрондарды шашырату аспаптары мен қолданбалары, ядролық физика, ауыр иондармен өңделген жарғақ, ядролық зерттеу реакторларын пайдалану және пайдаланудан шығару, үдеткіш және оның қосымшалары.
– Халықаралық ядролық энергия институтымен (International Institute of Nuclear Energy, I2EN, Франция) Қазақстанның болашақ АЭС үшін кадрларды даярлау саласындағы ықтимал ынтымақтастық.
– Memorandum of Understanding between the INP Kazakhstan and ZOZ Technology Center Germany. Zoz Technology Center (ZTC) оксидті диспергацияланған болаттар, наноқұрылымды бетон жасауға арналған жабдықтар шығаратын өнеркәсіптік компания, сондай-ақ сутекті сақтау үшін наноұнтақтар шығарады. Кездесу қорытындысы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, онда тараптар ынтымақтастық туралы өз талаптарын білдірді. ЯФИ эксперименттік базасында ZTC орталығы өз өндірісінің материалдарын сипаттау бойынша зерттеулер жүргізуге мүдделі болып табылады. Осы мақсатта ССР-Қ реакторын және нейтронды радиография мен томография (TITAN) қондырғысын пайдалануды жоспарлап отыр. Тараптар егжей-тегжейлі жұмыстар жоспарын талқылау үшін мамандар арасында бейнеконференция өткізуге келісті.
ТОЛЫҒЫРАҚ АШЫП ОҚУЯФИ әртүрлі мақсаттар үшін радиоизотоптар шығарады.
- 2023 жылғы қарашада ЯФИ француздық Орано корпорациясының эталондық радиоактивті көздер зертханасы үшін Со-57 изотопын жеткізуге келісім-шарт жасады.
- 2023 жылғы наурызда ЯФИ Eckert & Ziegler Chemotrade GmbH неміс компаниясымен келісім-шартқа қол қойды.
- 2023 жылғы қаңтарда ЯФИ Ресейдің «Ритверц» акционерлік қоғамымен Со-57 жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойды. «РИТВЕРЦ» АҚ-мен жасалған № 016 коммерциялық шарты шеңберінде ЯФИ Cyclone-30 циклотронында кобальт-57 радиоактивті изотопы өндіріліп, сатуға шығарылады. 2018 жылдан бастап аталмыш ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
- «Александровская Слобода» ЖШҚ-мен жасалған № 169 коммерциялық шарты шеңберінде ЯФИ ДЦ-60 циклотронында пленка сәулелендіру жұмыстарын жүргізеді.
- «ГаммаТех» ЖШҚ-мен жасалған № 166 коммерциялық шарты шеңберінде ЯФИ Cyclone-30 циклотронында германий-68 изотопын жинақтау мақсатында нысаналар модельдеріне сынақтық сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.
ТОЛЫҒЫРАҚ АШЫП ОҚУ- Басым бағыттар бойынша бакалаврларды, магистрлерді, аспиранттар мен докторанттарды даярлаудың бірлескен бағдарламаларын, ПОҚ-мы мен мамандардың біліктілігін арттыру курстарын құру және іске асыру жөніндегі № 227 шарт, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ, «Дубна Университеті» жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, «Біріккен ядролық зерттеулер институты» (БЯЗИ) халықаралық үкіметаралық ғылыми-зерттеу ұйымы және ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК арасындағы 4 жақты келісім; қол қойылған күні 2023 жылғы 14 шілде, қолданылу мерзімі 5 жыл. Бұл шарт 2010 жылы басталған алдыңғы шарттардың жалғасы болып табылады. Қазіргі уақытта 146 адам бірлескен дайындық бағдарламасынан өтті;
- Ғылыми-зерттеу қызметі және кадрлар даярлаудағы ынтымақтастық туралы № 264 келісім. БЯЗИ-ЯФИ екі тараптың ғылыми, білім беру, технологиялық және инновациялық ресурстарын біріктіру негізінде ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте, кадрларды даярлауда тұрақты негізде ынтымақтастық туралы келісті. Келісім Тараптардың әрқайсысының мүдделері саласындағы мақсаттарды іске асыру барысында өзара барынша қолайлы режимді көздейді. Келісім БЯЗИ мен ЯФИ арасында бірлескен ғылыми, білім беру мен инновациялық кеңістікті құруға және дамытуға, келесі міндеттерді шешу арқылы кадрларды даярлауды жақсартуға бағытталған: бірлескен іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, оның ішінде БЯЗИ және ЯФИ зертханаларының бірегей жабдықтарын пайдалану; БЯЗИ және ЯФИ ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету; кадрлар даярлауды жетілдіру, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын біріктіру, осындай біріктірудің жаңа нысандарын іздеу, әзірлеу және тәжірибеге енгізу, БЯЗИ мен ЯФИ ғылыми, ғылыми- педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі арасындағы қоршаған ортаның радиоактивтілігін бірлескен зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Ынтымақтастық саласы. Екі Тарап арасындағы ынтымақтастық радиоаналитикалық химияны дамытуға, қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеуге, экологиялық процестерді бақылауға және радиоактивті индикаторларды пайдалана отырып, тарихи процестерді зерттеуге бағытталатын болады.
Ғылыми сапарлар мен кездесулер. Екі Тарап осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастық саласындағы ілгерілеуді және консультацияларды қарастыру үшін бір-бірімен тұрақты кездесулер өткізетін болады.
Ақпаратты және біліммен алмасу. Екі Тарап қоршаған ортаның радиоактивтілігі және радиоаналитикалық химия саласындағы қоршаған ортаны өлшеу деректері, құжаттар, есептер және әдебиеттер сияқты ақпаратпен алмасып отыруға уағдаласты.
Персоналды оқыту. Персоналды оқыту екі Тарап тарапынан жалпы қызығушылық тудыратын салаларда, атап айтқанда радионуклидтерді талдау әдістемесі бойынша, қоршаған ортаның өзгеруін, қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеулер бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір Тарап екінші Тараптың қызметкерлеріне өз құзыреті саласында оқытуды ұсына алады және оларды тиісті оқу бағдарламасымен және оқу тапсырмасын сәтті орындауына мүмкіндік беретін оқу бөлмелерімен қамтамасыз етеді.
Зерттеу саласындағы ынтымақтастық. Ынтымақтастық екі Тарап үшін ортақ мүддені білдіретін, қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеу саласында жүзеге асырылатын болады. Бірлескен зерттеулер Қазақстан мен Ресейдегі тиісті ұйымдар ұсынған жеке немесе бірлескен жобалар шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Зерттеу ынтымақтастығы екі Тарап арасында міндеттерді бөлу, сондай-ақ зерттеуші ғалымдармен алмасу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Екі Тарап бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін екінші Тараптың білікті мамандарын қабылдай алады және зерттеулерге байланысты білім алмасу бойынша ғалымдарға қажетті жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеді. Ғалымдармен алмасу ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін болады, ал ерекше жағдайлар болғанда өзара келісім бойынша ең көбі бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Зерттеу жобалары, тәжірибе алмасу бойынша жіберілген ғалымдар саны, олардың болу ұзақтығы алдын-ала келісілуі керек.
Осы Келісім қол қойылған күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
2023 жылдың қазан айында ММУ химия факультетіне ЯФИ РМК КЭЗО ТФӨЗ меңгерушісі П.В. Харкин және ЯФИ РМК КЭЗО ТФӨЗ аға ғылыми қызметкері М.В. Краснопёрова ғылыми сапармен барды.
Сапар аясында ММУ химия факультетінің радиохимия кафедрасының ғылыми құрамымен және аналитикалық базасымен танысу өткізілді.
Радиохимия кафедрасының профессор-оқытушылық және студенттік құрамымен семинар өткізілді. П.В. Харкиннің «Радиоэкология шеңберіндегі ЯФИ зерттеулер» және М.В. Красноперованың «Алматы қаласының қоршаған орта объектілеріндегі ауыр элементтер мен радионуклидтердің құрамын зерттеу» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Баяндамалар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып, пікірталас өтті.
Профессор-оқытушылар құрамы М.В. Краснопёрова ұсынған «Ядро-физикалық талдау әдістерін пайдалана отырып, Алматы қаласындағы экологиялық жағдайға кешенді зерттеулер жүргізу» жобасы шеңберінде алынған ғылыми зерттеулер нәтижелерін талқылады.
Деканның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары х.ғ.д. М.Э. Зверевамен кездесу өткізілді, онда болашақ ынтымақтастық пен бірлескен ғылыми бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл сапар академиялық және ғылыми дамуға, сондай-ақ біздің ғылыми ұйымдар арасында білім алмасуға ықпал ететін болады.
- 2023 жылғы 11 қарашада ЯФИ-да БЯЗИ Ақпараттық орталығын ашу туралы келісім БЯЗИ мен жалпы ғылымды Қазақстан Республикасына және қазақстандық қалың жұртшылыққа танымал ету мақсатында жасалды.
- 2024 ж. 1 ақпанында ЯФИ Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетімен түсіністік туралы Меморандумға қол қойлы.
ТОЛЫҒЫРАҚ АШЫП ОҚУ