ССР-Қ реакторы 21 жыл бойы үздіксіз апатсыз, қалыпты жұмыс режимдерінен ауытқусыз, сыртқы ортаны рұқсат етілген нормалардан жоғары сәулелендірусіз жұмыс істеп келеді. Конструкциясы мен физикалық ерекшеліктері бойынша ол реакторлардың ең қауіпсіз түрлеріне, ал эксперименттік мүмкіндіктері мен пайдалану тиімділігі бойынша КСРО, кейінірек ТМД-ның ең үздік реакторларының қатарына жатады.
1988 жылдың қазан айында КСРО Мемлекеттік өндірістік атом қадағалау шешімімен ССР-Қ атом реакторын пайдалану жоғары сейсмикалық жағдайларда реактордың қауіпсіз жұмысын негіздеу талаптары орындалғанға дейін тоқтатылды. 1989 жылдан бастап реактордың жер сілкінісіне төзімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және оны жоғары сейсмикалық жағдайда қауіпсіз пайдалануды негіздеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілген болатын. 1997 жылы сәуірде ССР-Қ атом реакторын физикалық іске қосу, ал желтоқсанда – энергетикалық іске қосу жүзеге асырылды. Жылу нейтрондары ағынының максималды тығыздығына қол жеткізілді - 1,1×1014 н/см2с. Жылу қуаты 6 МВт құрады. Реактор сәулелендірілетін нысаналарды гидравликалық және пневматикалық тасымалдау жүйелерімен, әмбебап газ-вакуумдық тұзақты қондырғысымен, нейтрондық радиография қондырғысымен жабдықталған.

