Бүгін Ядролық физика институтында спартакиадаға қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған бұл дәстүрлі шара 3 мен 30 мамыр аралығында өтіп, 13 командадан құралған 140 қатысушыны біріктірді. Жарыс шахмат, үстел теннисі, футбол және волейбол сияқты спорт түрлері бойынша өткізілді. Рәсім барысында үздік командалар мен қатысушылар марапатталып, жарыстың қорытындысы шығарылды.
Футбол жарысында үшінші орынды кинологиялық қызмет командасы, екінші орынды зерттеу реакторы кешені, ал бірінші орынды№1 арнайы әскери комендатурасыжеңіп алды. Ерлер арасындағы волейбол жарысында үшінші орынға №1 арнайы әскери комендатура командасы, екінші орынға №7 жалпы білім беретін мектептің оқушылары, ал бірінші орынға ҮТ ҒТБ қызметкерлері ие болды. Әйелдер арасындағы волейбол жарысында Институт командасы екінші орын алды, ал№7 жалпы білім беретін мектептің оқушы қыздары бірінші орынға ие болды.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған үстел теннисі жарысында ерлер арасында бірінші орынды Сатпаев Дамир, екінші орынды Бекбаев Асхат, ал үшінші орынды Жанузақ Абзал жеңіп алды. Әйелдер арасында бірінші орынды Коломийцева Александра, екінші орынды Халитова Елена, ал үшінші орынды Павленко Елена иеленді. Шахмат жарысында бірінші орынға Сұлтанқұлов Шәріпхан, екінші орынға Сабидолла Ауғанбек, ал үшінші орынға Мұрат Кенесарин ие болды.
Жеңімпаз командаларға кәсіподақ тарапынан кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал жүлделі орын алған командалар алғыс хаттармен марапатталды. Спартакиададағы төрелік қызметі үшін Р. Отарбаев, А. Рахимов, А. Эдомский және С. Бекарыстанға арнайы алғыс хаттар табысталды. Шара соңында кәсіподақ комитетінің төрағасы Алимов Делшод барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, олардың үлесін ерекше атап өтті.