Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Жезқазған қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтті

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында 11 маусымда Жезқазған қаласында қаланың «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жария талқылаулар өтті.

Жария талқылауларға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ҚР Энергетика министрлігінің,«Ядролық физика институты» РМК «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясының, шағын, орта және ірі бизнестің, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, экологтар, энергетиктер және т.б. қатысты.

Спикерлердің қатарында Институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов сөз сөйлеп, Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша орасан зор тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, болашақ атом электр станциясына қажетті мамандарды даярлауға арналған үлкен әлеует пен кең ауқымды база институтта бар екенін айтты.

Сондай-ақ өз кездесу барысында спикерлер қазіргі таңда Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды іске қосуды қажет етеді. Энергетика секторында қолданылатын технологияларды дамытудың ағымдағы деңгейі жағдайында АЭС шығатын қуаттарды ауыстырудың ең перспективалы шешімі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар. Елде шикізат пен өндірістік базаның болуы атом энергетикасын дамытудың барлық алғышарттарын жасайды.

Аталған іс-шарада жергілікті тұрғындар экология, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, реактордың қауіпсіздігі, кадрлар даярлау бойынша белсенді сұрақтар қойды.