22-24 сәуір аралығында Институт пен Жапонияның атом энергиясы агенттігі (JAEA) арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы персоналды даярлау жөніндегі келісім шеңберінде ұйымдастырылған «Реактор инжиниринг» бағыты бойынша оқыту курстары өтті.
Бұл курс атом энергетикасын құруды және дамытуды жоспарлап отырған Азия елдері үшін лекторлар мен нұсқаушыларды даярлаудың жапондық бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Курсты ұйымдастыру үшін Институт мамандары курстың үйлестірушілері, нұсқаушылары және оқытушылары ретінде қатысты.Үйлестірушілер мен оқытушылар құрамындағы мамандардың бір бөлігі бұрын JAEA-да нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу курсын тәмамдаған.
Оқу бағдарламасына Жапонияның атом энергиясы Агенттігінің оқытушысы, Хидео Харада (Hideo Harada) арнайы қатысып, «Operation and Control Methods for LWR Type Nuclear Power Plants» и «Role of Nuclear Energy and Current Status of NPP Operation in Japan» тақырыбында дәріс оқыды.