Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық

2025 жылғы 17 шілдеде Қазақстан мен АҚШ ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп күш салысуын қолдау мақсатында американдық делегация іссапармен Ядролық физика институтына келді. Делегация құрамында АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің (АҚШ ҚМ ҚАА) өкілдері, Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің жанындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ҚАА бөлімінің басшысы, сондай-ақ ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл Инк мердігерлік ұйымының өкілдері болды.

Сапардың мақсаты – ядролық физикалық қауіпсіздік бойынша оқу курстары мен семинарлар өткізуді, сондай-ақ Институттың стратегиялық қондырғыларын физикалық қорғауды күшейтуде Институтқа қолдау көрсетуді қамтитын 2025-2027 жылдарға арналған бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жоспарын талқылау болып табылады.

ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында өткен жұмыс кеңесі барысында ядролық физикалық қауіпсіздік саласында қазақстандық мамандарды даярлау қажеттілігі, оқыту іс-шараларын өткізудегі әртүрлі тәсілдері, сондай-ақ басымдықты курстардың тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар Институттың физикалық қорғаныс жүйесін күшейту бойынша бірлескен іс-шаралар да талқыланған болатын.

АҚШ ҚМ ҚАА тарапынан бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын орындау бойынша барлық жұмыстарды үйлестіруді конкурстық іріктеу арқылы таңдалған ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл Инк компаниясы жүзеге асыратын болады.