Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Жаңа нейтрондық рефлектометрия қондырғысы ашылды

10 сәуірде ССР-Қ ғылыми зерттеу реакторы негізінде жаңа нейтрондық рефлектометрия қондырғысының ресми ашылуы болды. Бұл қондырғы қабатты және көп қабатты наноқұрылымдық материалдарды зерттеуге арналған реактордың төртінші көлденең арнасында жасалған.

Символикалық лентаны Юлих нейтрондық ғылымдар орталығының(JCNS, Германия) аға ғылыми қызметкері Александр Иоффе, БЯЗИ нейтронды физика зертханасының директоры(Дубна) Егор Лычагин және ҚР ҰӘҚ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов кесті.

Нейтрондық рефлектометрия тек фазааралық шекараларды зерттеуде ғана емес, сонымен қатар таза ғылыми мәселелерді шешуде электронды және оптикалық өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын зерттеулерде де маңызды рөл атқарады.

Әлемдегі жетекші нейтрондық орталықтардың мамандары қатысқан ашылу барысында қондырғының жоғары маңыздылығын атап өтілді. Әдістеменің одан әрі дамуын, атап айтқанда, беткі аймақтардың магнетизмін және қабатты көп қабатты наноқұрылымдардың магнетизмін зерттеуде таптырмас құрал болып табылатын поляризацияланған нейтрондардың рефлектометриясын талқылады.