Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Жаңа материалдар саласындағы бірлескен зерттеулердің перспективалары

1 қыркүйекте Ядролық физика институтына Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің — Northwestern Polytechnical University делегациясы келді. Тараптар радиациялық материалтану, ядролық энергетикаға арналған материалдар, сондай-ақ жаңа материалдар физикасы мен технологиялары салаларындағы бірлескен зерттеулерді дамыту мәселелерін талқылады.

Жұмыс кездесуі ғылыми ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға арналды. Ынтымақтастық Қазақстан мен Қытайдың ғылыми әлеуетін біріктіруге, озық материалдарды әзірлеуге және жас мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Сапар аясында Northwestern Polytechnical University өкілдері ЯФИ-дің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, эксперименттік қондырғыларымен және ядролық әрі радиациялық технологиялар саласында кешенді зерттеулер жүргізуге арналған Институт мүмкіндіктерімен танысты.

Сапар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ядролық физика институты арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық, сондай-ақ «Бір белдеу — бір жол» қазақстан-қытай бастамасы аясында Northwestern Polytechnical University университетімен серіктестік байланыстарды дамыту шеңберінде өтті.