Өткен аптада Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы зерттеу реакторларының қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық Консультативтік комитеттің (Rascap) Азиялық ядролық қауіпсіздік желісі бойынша 11-ші жыл сайынғы кездесуі өтті.
Азиялық ядролық қауіпсіздік желісі (ANSN) 2002 жылы құрылды және 2004 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс елдеріндегі мүше мемлекеттер арасында бейбіт мақсатта пайдалану үшін ядролық қауіпсіздік туралы ақпаратты, білім мен тәжірибені біріктіру, талдау және бөлісу үшін толығымен іске асырылды. Аталмыш ұйым құрамына Қазақстан Республикасы мен қоса алғанда 11 мемлекет мүше.
11-ші жыл сайынғы кездесу келесі тақырыптарға арналды: — зерттеу реакторлары бойынша оқу және біліктілік бағдарламаларын жүргізудің ұлттық тәжірибесі; — оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын басқару жүйесін пайдаланудың, сондай-ақ реакторларды пайдалану бағдарламаларымен интеграциялауды қоса алғанда, білімді беру мен сақтаудың ұлттық тәжірибесі.
Кездесу нәтижесінің негізі кездесу нәтижелері мен келесі жылға арналған жоспарлар туралы құжат болып табылады. Келесі жылы талқылау және тәжірибе алмасу үшін келесі тақырыптар таңдалды:
Төрағалық етуші тарап екі жыл мерзімге сайланады. Келесі кездесу күні – Корея Республикасы, 2024 жылғы қазанға жоспарланды.