Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Здоровец Максим Владимировичке «Профессор» ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!

ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Здоровец Максим Владимировичті «01.04.00–Физика» мамандығы бойынша «ПРОФЕССОР» ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 20 тамыздағы «ғылыми атақ беру туралы» №364 бұйрығымен бекітілген).

Максим Владимировичке ғылыми қызметте табыс, шығармашылық идеялар, отандық ғылым мен білімге қызмет ете беруіңізге тілектестік білдіреміз. Алдағы үлкен жобаларға сәттілік пен табандылық тілейміз!