ЯФИ қызметкерлері үздіктер қатарында
«Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау өткен жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бекітілген болатын. Жоғары баллдық көрсеткішпен 50 үздік ғылыми қызметкер қатарына Ядролық физика институтының Астана филиалының қызметкерлері енді. «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша тректік мембраналар технологиялық зертханасының меңгерушісі Машенцева Анастасия Александровна, «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша тректік мембраналар технологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Корольков Илья Владимирович жеңімпаз атанды.
«Үздік ғылыми қызметкер» байқауы Қазақстандағы ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған байқау болып табылады.Биылғы жыл Республикалық комиссия 7 бағыт бойынша отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымға «Үздік ғылыми қызметкер-2022» сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Ядролық физика институтының қызметкерлері екінші жыл қатарынан үздіктер қатарынан көрінуде.