Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қызылордада АЭС құрылысы мәселесі бойынша ашық талқылау өтті

Сейсенбі, 30 шілде күні Қызылордада Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша ашық талқылау өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, экологтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.

Институт бас директоры Саябек Сахиев ашық талқылау барысында Ядролық физика институтының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелері туралы және ұлттық атом өнеркәсібі кәсіпорындарының жоғары біліктілік деңгейін мен еліміздегі атом саласындағы кадрлық әлеуетін жоғарғы деңгейін атап өтті. Сондай-ақ ЯФИ болашақ АЭС кадрларын даярлайтын негізгі база екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар АЭС құрылысын жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, оның елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, энергетикалық кешенді ұлғайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды екенін баса айтты. Қызылордалықтардың пікірінше, ауқымды жоба туралы жұртшылықты кеңінен хабардар ету қажет.