27 маусымында Париждегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің резиденциясында Ядролық физика институтының делегациясы Қазақстан Республикасының Елшісінің кеңесшісі Рақмет Нұржанмен кездесті.
Саябек Сахиев Институттың ғылыми бағдарламалары мен инфрақұрылымы туралы жалпы шолу жасап, француз ғылыми ұйымдарымен іске асырылып жатқан жобалар мен олардың аясын кеңейту перспективалары жөнінде баяндады. Кездесу барысында ИЯФ бастамаларын Қазақстан аумағында мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.