Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ғылыми кеңес өтті

13 наурызда Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған негізгі мәселелер:

— Институттың жас ғалымдар кеңесінің құрамы мен төрағасын жаңарту;

— 5-ші Халықаралық форумды, ЯФИ-дағы ультра суық нейтрондар көзі бойынша Workshop (УХН) өткізу жөніндегі ұйымдастыру мәселелері, SPD NICA бойынша бірлескен митинг өткізу;

— энергияны электрохимиялық түрлендіру және сақтау зертханасын құру, сондай-ақ Шыңғыс Дауылбаевтың аталмыш зертхананың меңгерушісі лауазымына кандидатурасын ұсыну.

Ғылыми кеңесте бірінші болып Институттың жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Алексей Ларионов, 2019-2024 жылдары жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) жүргізген жұмыстары туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында соңғы төрт жылдағы ЖҒК жұмысын жүргізу, жас ғалымдардың I Халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыру және олардың Халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы хабарлады, сондай-ақ Институттың жас қызметкерлері санының үш есеге жуық артқанын атап өтті.

Институттың жас ғалымдар кеңесінің жаңа Төрағасы болып бірауыздан дауыс беру арқылы радиациялық материалтану зертханасының инженері Әлімжан Қапанов сайланды. Өз сөзінде ол ЖҒК-ның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынып, оның аясында жас қызметкерлер бас директордың қатысуымен жалпы жиналыстар, спорттық-сауықтыру іс-шаралары, ғылыми конференциялар және т.б. өткізілетінін баяндады.

2024 жылғы 7-11 қазанда Алматы қаласында өтетін "Ядролық ғылым және технологиялар" 5-ші халықаралық форумын өткізу жөніндегі Ұйымдастыру жұмыстары туралы Форум хатшысы Мария Севериненко, кешенді экологиялық зерттеулер орталығы бастығының орынбасары баяндама жасады. Форум хатшысы Ғылыми кеңесті іс-шараны ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерімен, Институттың бағдарламалық комитеті мен ұйымдастыру комитетінің құрамымен, алғашқы ақпараттық хабарлама жобасын дайындаумен, Халықаралық консультативтік кеңес пен ұйымдастыру комитетіне қатысу үшін форум ұйымдастырушылары мен жақын және алыс шетел ғалымдарына шақырулар жіберумен, буклеттер мен жарнамалық материалдарды жобалау жобаларымен таныстырды. indico.inp.kz порталында қатысушыларды тіркеу парағының жалпы көрінісін мен шетелдік журналдарда форум материалдары бойынша мақалалар жариялау жоспарларын ұсынды.

Сондай-ақ, Ғылыми кеңесте нейтрондық физика зертханасының аға ғылыми қызметкері, "УХН физикасы" тобының жетекшісі Қылышбек Тұрлыбекұлы сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол 8-10 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін "Ультра суық нейтрондар бойынша Workshop" жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Нұржан Садуев 2024 жылы 20-24 мамыр аралығында SPD NICA бойынша бірлескен митинг өткізу жоспарын және ағымдағы ұйымдастыру мәселелері бойынша есепті ұсынды.

Есепті баяндамалардан басқа, ғылыми кеңесте энергияны электрохимиялық түрлендіру және сақтау зертханасын құру туралы мәселе және жоғарыда аталған зертхананың меңгерушісі лауазымына Шыңғыс Дауылбаевтың кандидатурасының ұсынымы қаралды.