29 қаңтар күні Ядролық физика институты (ЯФИ) мен Astana IT University (AITU) ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл әріптестік бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тәжірибе алмасуға және ғылымда озық инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған. Екіжақты ынтымақтастық құжатына ЯФИ бас директоры Саябек Сахиев пен AITU ректоры Аскар Хикметов қол қойды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың келешегі зор бағыттарын талқылады, атап айтқанда: • жасанды интеллект (ЖИ) әдістерін қолдану арқылы ғылыми әлеуетті дамыту; • жартылай өткізгіш материалдарды жобалау мен өндіріске ЖИ енгізу; • ғылыми зерттеулерге цифрлық құралдарды интеграциялау; • бірлескен инновациялық жобалар мен технологиялық шешімдерді әзірлеу.
Сапар аясында Аскар Хикметов CCР-Қ зерттеу реакторының жұмысымен және институттың озық ғылыми әзірлемелер саласындағы қызметімен танысты.
Тараптар ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды және елдің ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына үлес қосатын инновациялық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.