Институт бас директоры Саябек Сахиев 14 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында өткен «Әділет» партиясы Республикалық сайлауалды штабының ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуіне қатысты.
Кездесудің негізгі өзегі — ғылымның ел дамуына қосатын үлесін күшейту, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру болды.
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтарды қоғам өмірінде берік орнықтырудың маңызын атап өтті. Ол «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, ұлттық құндылықтар мен мәдени кодты сақтау және қоғамдық бірлікті күшейту ісінде зиялы қауымның жауапкершілігі зор екенін айтты.
Диалог алаңында қатысушылар ғылымды экономиканың практикалық міндеттерімен байланыстыру, зерттеу нәтижелерін өндіріс пен жоғары технологиялы салаларға енгізу, жас ғалымдарға жағдай жасау және зертханалық инфрақұрылымды жаңарту жөнінде пікір алмасты. Жасанды интеллект негізіндегі ғылыми-сараптамалық жүйелерді дамыту мәселесі де ерекше назарда болды.
Кездесу соңында партия төреағасы бағдарламаны толықтыру кезінде ескерілетінін жеткізді. Бұл бастамалар ғылым мен білімді дамытуға, технологиялық әлеуетті арттыруға және елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталмақ.