Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ғылым мен өндіріс саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2023 жылғы 3 сәуірде ядролық физика институтына "Реакторлық материалдар институты" АҚ директорының коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары/ "Ғылым және инновация" АҚ жобалық кеңсесінің басшысы Сергей Суров бастаған "Росатом" мемлекеттік корпорациясы делегациясының жұмыс сапары өтті.

Ресей делегациясын институттың бас директоры Саябек Сахиев қарсы алды. Кездесуде ЯФИ басшысы құрметті қонақтарды институттың негізгі бағыттары мен ғылыми қызметімен таныстырды. ЯФИ Қазақстан Республикасындағы атом өнеркәсібіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін жүргізетін жалғыз институт екенін атап өтті. Сондай-ақ, Саябек Қуанышбекұлы институтта GMP сертификатымен расталған сапаны бақылау технологиясы мен әдістемелерін әзірлеуден бастап сериялық өндіріске дейінгі радиоизотоптық және радиофармацевтикалық өнімдерді жасау бойынша жұмыстардың толық циклі жүзеге асырылып жатқанын айтты. Институтта өндірілетін медицина мен өнеркәсіпте қолданылатын бірқатар радиоизотоптарды атап өтті. Ультра суық нейтрондар және нейтронды трансмутациялық кремний допингі сияқты мега-сайенс және инвестициялық жобалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Сергей Суров "Росатом" мемлекеттік корпорациясы мен реакторлық материалдар институтының қызметі туралы айтты. "Росатом" уран өндіруден бастап ядролық объектілерді пайдаланудан шығаруға дейінгі ядролық отын циклінің барлық сегменттерінде құзыреті бар жаһандық ядролық нарықтағы санаулы компаниялардың бірі болып табылатынын атап өтті. Холдинг айналысатын негізгі 11 бағытты таныстырды.

Кездесу барысында тараптар арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ресей делегациясы институттың нейтронды радиография, нейтронды активтендіру талдаулары, кремнийді легирлеу, ir 192 және SE-75 изотоптарының өндірістік циклі, сондай-ақ медицинада қолданылатын радиоизотоптардағы тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келесі шешімдерді қабылдады:

1. Қазақстан Республикасы нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін "РМИ" АҚ өндірісінің шикізатынан "ЯФИ" РМК алаңында ir-192 және se-75 негізіндегі көздерді өндіру жөніндегі технологиялық кооперацияны қарау;

2. "ЯФИ" РМК "Ғылым және инновация" АҚ-мен институтта соңғы 5 жылда орындалған ҒЗТКЖ базасында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

3. "ЯФИ" РМК "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасында LU-177, Ra-223 трихлоридін және өзге де изотоптарды жеткізу, "Ғылым және инновация" АҚ басқару контуры компанияларының өндірісі кезінде радионуклидтік терапия мүмкіндігін қарастыру;

4. Lu-177, Ra-223 трихлоридін және өзге де изотоптарды жеткізу, "Ғылым және инновация"АҚ басқару контуры компанияларының өндірісі кезінде Қазақстан Республикасында Радионуклидтік терапия мүмкіндігін бірлесіп қарау;

5. SM-153 оксабифор өндірісі туралы ақпарат алмасу;