?27 наурызда Қазақстанға жұмыс сапары аясында CERN Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйымның делегациясы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері Кристоф Шафер мен Тадеуш Куртыки Институтқа келді.
?Делегацияны қарсы ала отырып, Институттың бас директоры Саябек Сахиев кездесудің маңыздылығын атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
?Кездесу барысында профессор Кристоф Шафер Институт ғалымдарына СERN эксперименттеріне қатысуға және Еуропалық ұйымда жүргізіліп жатқан жобалармен бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.
?Өз кезегінде Тадеуш Куртыки ядролық медицина бағытындағы CERN мен Институт арасындағы ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті. Сондай-ақ, профессор 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келетін CERN мектебі үшін алғыс білдіріп, алыс-жақын шетел ғалымдардын біріктіретін мектеп жұмысының ұйымдастырылуына жоғары баға берді