Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ қызметкерлері ғылыми-инновациялық көрмеге қатысты

2023 жылдың 13 сәуірінде Ядролық физика институтының қызметкерлері "Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары" ғылыми-инновациялық көрмесіне қатысты. Көрме Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты— ғылым-білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайту, бизнес арқылы ғылымды дамыту.

Іс – шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқа төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаев және т. б.

Ядролық физика институтын радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығының бастығы Бексұлтанов Жомарт, радиохимия және изотоптар өндірісі ғылыми-техникалық орталығы бастығының орынбасары Гурин Андрей және Дауылбаева Ұлболсын таныстырды.

Көрмеде медицина мен өнеркәсіпке арналған радиофармпрепараттар (РФП) және сәулелену көздері өндірісі туралы баяндама ұсынылды. Гурин Андрей өз баяндамасында ЯФИ Қазақстандағы РФП-ның негізгі өндірушісі болып табылатынын және қазіргі уақытта қатерлі ісіктерді анықтау және бақылау үшін екі диагностикалық препарат (фтородезоксиглюкоза 18F, Технеций 99Тс гель-генераторлары) және қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған бір препарат (натрий йодиді 131i) өндіретінін айтты.

Сондай-ақ, көрмеде радиациялық тігілген поливинилпирралидон негізінде жасалған "Aqva dress" гидрогельді таңғыштары таныстырылды.

"AQUA DRESS" – гидрогельді таңғыштары бұл таңғыштардың ауыртпалықсыз болуын, жараларды емдеу процесін жеделдетуді және олардың тыртықтарын азайтуды қамтамасыз ететін жоғары тиімді стерильді жабын материалдары аллергиялық реакцияларды тудырмайды.