Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2022 жылдың 15 қарашасында ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында спикерлер алдағы уақытта өтетін саяси науқан туралы айтып, кандидаттың сайлауалды реформасындағы білім және ғылым бағытында атқарылатын жұмыс жоспарларына тоқталып өтті. Елімізде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау, атап айтқанда гранттар бөлу олардың санын арттыру үшін жағдайлар жасау көзделуде деп, атап өтті штаб мүшелері. Сондай-ақ алдағы уақытта елімізде АЭС-тың салуы сөз етіліп, атомдық энергия саласының дамуы үшін институт мамандарының тәжірибесінің маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар кездесу барысында Институт қызметкерлері жас ғылыми қызметкерлерді қолдау мақсатында пәтерлердің берілуі және тегін білім беру гранттарының бөлінуі жайында штаб мүшелеріне сұрақтар қойды.

Қоғамдық штаб мүшелері ЯФИ қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысып, кандидатты қолдауға шақырды.