Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ РМК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

22 қазан Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Институтта бірден екі қызметкер Мемлекеттік наградалармен марапатталды: атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК ССР-Қ зерттеу реактор кешенінің бас инженері Мартюшов Александр Леонидович «Құрмет» орденімен; отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағаланып, Радиациялық материалтану зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Цай Кира Викторовна «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада мемлекеттік марапаттарты ҚР Энергетика министрі Болат Оралұлы Ақшолақов табыс етті.