Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ РМК делегациясының Лауэ-Лангевен(ILL) институтына сапары

2022 жылы 29 тамызда Гренобль қаласында ҚР Франциядағы Елшілігінің көмегімен Ядролық физика институтының бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы Лауэ-Лангевен институтына (ILL) жұмыс сапарымен барды.

ILL директоры Пол Ланганмен кездесу барысында бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері келесі бағыттар бойынша талқыланды:

– Қазақстанның докторанттары мен пост-докторанттарының диссертацияларын/зерттеу жұмыстарын дайындау және қорғау;

– гранттық және жобалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу;

– ЯФИ-да нейтрондардың іргелі қасиеттері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– ЯФИ-гі зерттеу реакторы негізінде кремний қоспасынан жасалған детекторлар туралы ақпарат алмасу.

Қазақстандық делегация ILL ғылыми нысандарын да аралады. Екі елдің ғалымдары арасында жан-жақты пікір алмасу жүргізіліп, ультрасуық нейтрон бүршіктері әдісімен ғылыми реактордың көмегімен өндірілген заттардың анализін модельдеу көрсетілді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар қосымша техникалық консультациялар өткізуге келісті.