24 шілдеде Институттың бас директоры Саябек Сахиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының бастығы Павел Поливановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында жақында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісімге қатысты мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында ЯФИ пен ҰҚК Шекара академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл келісім аясында тараптар ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізу үшін оқу полигондары мен басқа да алаңдарды ұсынуға, сондай-ақ бірлескен тренингтер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын болады деп бекітілді. Сонымен қатар, өзара ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу көзделген.