Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ-ның JAEA өкілдерімен кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Атом саласы бойынша кадрларды кәсіби даярлау және адам ресурстарын дамыту. Осыған орай, Ядролық физика институтында Жапония атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) Ядролық қаруды таратпауды және адам ресурстарын дамытуды кешенді қолдау орталығының (ISCN) өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында жаңа білім беру бағдарламалары мен болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Делегация құрамында ISCN аға инженері Такехиса Охкура (Takehisa OHKURA) мырза және ғылыми қызметкер Фабиана Росси (Fabiana ROSSI) ханым болды.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков JAEA-мен көпжылдық ынтымақтастықтың құндылығын атап өтті. Ол жапон тарапынан Қазақстанның атом саласын дамытуға, әсіресе нұсқаушыларды даярлау және озық білімді беру саласындағы қосқан елеулі үлесін жоғары бағалады.

Сапар барысында ISCN өкілдері нұсқаушыларды даярлаудың жаңартылған бес жылдық бағдарламасын (Follow-Up Training Program) ұсынды. Сондай-ақ, олар JAEA оқу курстарының жаңа бағыттарын көсетті және кадрларды кәсіби даярлау мен қауіпсіздік мәдениетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Осыған дейін бағдарлама аясында Институттың алты қызметкері келесі бағыттар бойынша біліктілігін арттырды:

  • реакторлық инжиниринг;

  • қоршаған ортаға радиоактивті мониторинг жүргізу;

  • атом электр станциялары саласындағы қауіпсіздік.

Бұл даярлау бағыттары Қазақстанның атом энергетикасын орнықты дамыту және саланың жоғары білікті кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін маңызды болып табылады.