Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен TARLA іргелі ғылым саласында бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлауда

Ядролық физика институты делегациясының Түрік үдеткіш және радиациялық зертханасына (TARLA) сапары барысында бірлескен іргелі зерттеулер жүргізу туралы шешім қабылданды.

TARLA отандық технологиялар мен ұлттық ресурстарды пайдалана отырып жасалған 20 МэВ электрон үдеткішімен танымал. Қондырғы релятивистік электрондарды үдетуге қабілеттігінің арқасында Түркияны электрондардың асқынөткізгіш үдеткіш технологиясына ие төрт елдің қатарына қосады. TARLA директоры Гоксел Туркай келесі жылы қондырғыны 40 МэВ дейін жаңарту жоспарланғанын атап өтті.

Профессор Харис Дапоның ядролық физика саласындағы (гамма, гамма), (гамма, n), (р, гамма) іргелі ядролық реакцияларды бірлесіп зерттеу жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Сондай-ақ делегацияға 1,5 К температурада сұйық гелий негізінде жұмыс істейтін криогендік қондырғы көрсетілді