Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ МЕН ҚР ҰҚК ШЕКАРА АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін бас директор Саябек Сахиев бастаған Институт делегациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына барды. Сапар барысында делегация Академияның заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы елдің арнаулы мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бас арнаулы көпсалалы жоғары оқу орны. Қазіргі уақытта Академия бакалавриаттан докторантураға дейінгі барлық буындарды, қосымша кәсіптік білім беру институттарын қамтитын көп деңгейлі білім беру жүйесі болып табылады.

Сапар аясында ЯФИ делегациясы үшін бақылаудың кедендік бөлігінен Академияның арнайы оқу орталықтарына дейін экскурсияcия ұйымдастырылды, онда курсанттар мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды анықтау және тану бойынша теориялық және практикалық дағдыларды алады және құжаттардың түпнұсқалығын ажыратуды үйренеді. Сондай-ақ, "Boeing 777" кабинасының макеті құрылымдалған "Авиасимулятор"оқу орталығының жұмысы таныстырылды. Мұнда жолаушылар ұшағында тыйым салынған заттарды анықтау бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.

Сапардың ең маңызды бөлігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. ЯФИ мен ҚР ҰҚК Шекара академиясы заманауи технологиялар трансфері, ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру және іске асыру саласында бірігіп жұмыстар атқарады деп жоспарлануда. Екіжақты ынтымақтастық туралы құжатқа бас директор Саябек Сахиев пен Академия басшысы Павел Поливанов қол қойды. Келісімнің арқасында ЯФИ мен ҚР ҰҚК Шекара академиясы ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізу үшін орталықтардың, өзге де алаңдардың оқу полигондарын ұсынуға ниетті. Сондай-ақ бірлескен тренингтер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу жоспарланды.