Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен МИФИ бірлесіп мамандар даярлайтын болады

Ядролық физика институты мен «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті білім беру және ғылым саласындағы ынтамақтастықты бекітті. Құжатқа Ядролық физика институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұржан Садуев пен МИФИ проректоры Дмитрий Савкин** қол қойды. Келісім атом саласы үшін практикалық-бағдарланған кадрлар даярлауды дамытуға және бірлескен ғылыми бастамаларды кеңейтуге бағытталған.

МИФИ ҰЗЯУ студенттері мен магистранттары Ядролық физика институтының базасында — ССР-Қ зерттеу реакторында, сыни стендте және АЭХА қолдауымен құрылған оқу орталықтарында өндірістік және зерттеу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие болады.

Болашақ мамандар оқу барысында Институттың жетекші ғалымдарының ғылыми жобаларына қатысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіре алады.

МИФИ проректоры Дмитрий Савкин МИФИ Қазақстан студенттері мен ғалымдарын «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы аясында магистратура, докторантура (PhD) және аспирантурада білімін жалғастыруға қабылдауға дайын екенін атап өтті.

«МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті – жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі әрі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының тірек университеті. Университет атом саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта МИФИ-де 26 мыңнан астам студент білім алуда.

ЯФИ пен МИФИ арасындағы ынтымақтастық білім алушылардың дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын және ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп ғылыми жетекшілік етуді, МИФИ ҰЗЯУ-дың Алматы филиалының зертханалық базасын Ядролық физика институтының негізінде дамытуға жәрдемдесуді, жоғары және аса жоғары энергиялар физикасы, сондай-ақ ғарыштық сәулелер физикасы салаларында бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруды көздейді.