Астанада Біріккен Ядролық физика институты күндері аясында, филиалдың 20 жылдығына орай, Ядролық физика институтының шақыртуымен келген Marubeni Utility Services компаниясының президенті Ютака Макиномен жұмыс кездесуі өтті.
ЯФИ мен Marubeni Utility Services ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың 15 жылдан астам уақыт бойы табысты жүзеге асып келе жатқанын атап өтті. Ынтымақтастықтың бастапқы кезеңінде өзара іс-қимыл негізінен көлік-логистика саласын қамтыса, қазіргі таңда серіктестік ауқымы кеңейіп, атом және термоядролық энергетиканы дамыту бағыттарын да қамтиды.
Кездесу барысында тараптар жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарларды талқылады. Сонымен қатар, қолданыстағы серіктестік жобаларды одан әрі дамытуға және бірлескен қызмет аясын кеңейтуге өзара қызығушылықтарын білдірді.
Өткен жылы перспективалы ядролық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жаңа практикалық деңгейге көтерілген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында Ядролық физика институты мен Marubeni Utility Services арасында ССР-Қ зерттеу реакторында өтпелі режимдер жағдайында жоғары температуралы газбен салқындатылатын реактор отынын ресурстық сынақтан өткізу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге арналған келісімшартқа қол қойылды.