Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен JAEA жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

17 желтоқсан, Токио


Ядролық физика институты (ЯФИ) делегациясының бас директоры Саябек Сахиевтің басшылығымен Токио қаласында Жапония атом энергиясы агенттігінің (JAEA) Президенті Масанори Когучимен кездесу өтті.

Тараптар ЯФИ мен JAEA арасындағы жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторлар технологияларын дамыту саласындағы бірлескен жұмыстардың қазіргі таңдағы жұмыстарын талқылады.

JAEA Президенті екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, 2026 жылғы наурыз айында JAEA командасының Алматы қаласына жоспарланып отырған сапары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Институт бас директоры Саябек Сахиев ынтымақтастықтың үш жаңа бағытын ұсынды:

  • сутек өндіру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ);

  • ядролық батареялар өндіру саласындағы ҒЗТКЖ;

  • бөлшектену әдісімен радиоизотоп молибден-99 өндіру және оны Жапония нарығына жеткізу.

Кездесу соңында жапон тарапы 2026 жылғы маусым айында өткізілетін ЯФИ-дің Астана филиалының мерейтойына арналған конференцияға шақырылды.