Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен JAEA атом саласы үшін кадрларды даярлау бағдарламасы аясында ынтымақтастықты жалғастыруды талқылады

Бүгін атом саласы үшін кадрлар даярлау бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі талқылау мақсатында Институтқа Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) комитетінің делегациясы келді. Жапондық атом энергиясы агенттігі 25 жылдан астам уақыт бойы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану тәжірибесі мен білімін қолдана отырып, Азия елдерінің атом энергиясы саласындағы адами ресурстардың дамуына үлес қосып келеді. Нұсқаушыларды даярлаудың маңызды аспектісі-курстар кезінде алған білімдерін өз елдерінде тарату.

ЯФИ мен JAEA арасындағы келісімнің арқасында Институт қызметкерлері бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, семинарларға қатысады және Жапонияның Токай және Цуруга қалаларындағы Атом энергиясы агенттігінің базасында «реакторлық технологиялар» және «радиациялық мониторинг» тақырыптары бойынша оқу курстарынан өтуде.

Екіжақты кездесу аясында Адам ресурстарын дамыту жөніндегі ядролық орталықтың директоры Есихиро Накано Қазақстандағы ядролық адам ресурстарын дамыту үшін ЯФИ мен JAEA арасындағы ынтымақтастық туралы айтты. ITC және FTC бағдарламаларын атап өтіп, онда Азия елдері үшін нұсқаушы-сарапшылардың дайындау бағдарлмасымен таныстырды. Айта кетейік, ЯФИ Environmental Radioactive Monitoring (қоршаған ортаның радиациялық мониторингі) және Reactor Engineering (реакторларды жобалау) бойынша кадрларды даярлау бағдарламасы шеңберінде JAEA серіктесі болып табылады. Кездесу аясында атом саласының кадрларын даярлау үшін ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін шешім қабылданды.