Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен I2EN атом саласы үшін кадрларды даярлау жөніндегі меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Венада өткен АЭХА-ның 67 – ші Бас конференциясы барысында Ядролық физика институтының (бұдан әрі – ЯФИ) Бас директоры Саябек Сахиев және Халықаралық ядролық энергия институтының (Франция) (бұдан әрі-I2EN) атқарушы директоры Карен Дайфуку (Ms. Karen Daifuku) институттар арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Қол қойылған меморандум шеңберінде ЯФИ мен I2EN атом саласында кадрлар даярлау жөніндегі бағдарламаларды және бірлескен зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға ниетті.

Меморандум аясында ЯФИ мен I2EN келесі бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады:

— қазақстандағы ядролық энергетика саласындағы жоғары және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу; — ағылшын тілінде дипломдық бағдарламалар ұсынатын қазақстандық және француздық университеттер мен инженерлік мектептерге жәрдемдесу; қос диплом алуға және студенттермен алмасуға жәрдемдесу (бакалавр, магистр және философия докторы деңгейлері);

— қазақстандық студенттер мен тағылымдамадан өтушілердің басқа Француз оқу орындарымен ынтымақтастықта Франциядағы жоғары білім беру бағдарламаларына қол жеткізуін жеңілдету;

— бірлескен зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

— Францияда немесе Қазақстанда нұсқаушыларды даярлау бағдарламаларын ұйымдастыру;

— Қазақстанда немесе Францияда атом энергетикасына қатысты нақты тақырыптар бойынша конференциялар, симпозиумдар мен конгрестер сияқты жазғы мектептер мен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру.

Халықаралық атом энергетикасы институты (I2EN) — Франция үкіметінің жетекші университеттер мен инженерлік мектептерді біріктіріп, Францияның серіктес елдеріне атом энергетикасын дамытуға ықпал етуге бағытталған бастамасы. Институттың серіктестері — Францияның атом энергетикасы саласындағы негізгі ғылыми ұйымдар мен компаниялар. Институт бүкіл әлем бойынша атом өнеркәсібі үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда I2EN 52 қатысушыдан тұрады: 14 серіктес (мемлекеттік министрліктер мен ведомстволар, өнеркәсіп және зерттеулер) және 38 қауымдастырылған мүшелер (академиялар мен қауымдастықтар).