Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен ХҚТУ әріптестік орнатты

Ядролық физика институты (ЯФИ) мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті(ХҚТУ) әріптестік орнатты.

Бүгін Институт делегациясының ХҚТУ-ға сапары аясында Институт бас директоры Саябек Сахиев пен университет ректоры Жанар Темірбекова ғылыми- инновациялық бағыттағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумына қол койды.

Меморандумның негізінде алдағы уақытта ЯФИ мен ХҚТУ ғылым және ғылыми-инновациялық, қызмет саласы мен ғылыми-техникалық, өзара іс-кимыл жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу және ғылыми техникалық зерттеулердің бірлескен жобалары мен бағдарламаларды бірлесіп іске асыруға ниетті.

Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — бұл Қазақстандағы алғашқы халықаралық жоғары оқу орны және түркітілдес елдердің университеттері арасында халықаралық мәртебеге ие болған бірден бір оқу орны болып табылады.

Сондай-ақ, Түркістанға сапары аясында бас директор Саябек Сахиев облыс әкімдігінің басшылығымен және Түркістан қаласының әуежай басқармасымен радиофармпрепараттарды авиатасымалдау сапасын арттыру бойынша кездесті.