1-4 сәуір аралығында ССР-Қ зерттеу реакторы бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев пен АЭҚПЗ критикалық стендінің басшысы Бахтияр Нургожаев Вена қаласында (Австрия) АЭХА-ның Орталық мекемелерінде өткен Workshop on the Research Reactor Database семинарына қатысты. Іс-шара халықаралық зерттеу реакторларының деректер базасын шолу жасауға және оны жаңарту бойынша ұсыныстар жасауға арналды.
Семинар барысында Асхат Бекбаев ССР-Қ реакторы мен критикалық стенд туралы баяндама жасап, олардың АЭХА деректер базасына енгізілгендігін атап өтті. Талқылаулардың нәтижесінде деректерді ұсынудың ақпараттылығы мен толықтығын арттыру бойынша ұсыныстар жасалды.
Жұмыс сапарын аяқтай отырып, ССР-Қ реакторының бас инженерінің орынбасары Gunter Meelis компаниясына (Идар-Оберштайн, Германия) барып, ЯФИ-дың жартылай бағалы тастарды ионды сәулелендіру саласындағы негізгі серіктесімен кездесті. Кездесу барысында екі тараптың ынтымақтастығын жалғастыру және бірлескен жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.