Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ инфрақұрылымын бағалау мақсатындағы Ұлттық радиоэлементтер институты (IRE) делегацияларының жұмыс сапары

2023 жылдың 7-9 ақпан аралығында Ядролық физика институтында Ұлттық радиоэлементтер институтының (Institute national des Radio-Elements FUP IRE) делегациясы жұмыс сапарымен болды. Белгиялық делегацияның мақсаты медициналық радиоизотоптарды өндіру саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты орнату үшін  Ядролық физика институтының инфрақұрылымын бағалау.

Сапардың бірінші күні Ұлттық институт делегациясы  бас директор Саябек Сахиевпен және бөлім басшыларымен кездесті. Кездесуде Саябек Қуанышбекұлы ЯФИ-дің ғылыми-зерттеу және техникалық базасымен таныстырды. 30-дан астам халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Алдағы уақытта жүзеге асатын мегасайнс жобалар туралы айта келе,  бас директор медициналық радиоизотоптарды өндіру саласындағы Ұлттық радиоэлементтер институтымен радиофармпрепарат бағыты бойынша өнеркәсіптік ынтымақтастық маңызды мегасайнс жобалардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ бас директор Ядролық физика институтында өндірілетін радиофармпрепараттарға Жапония елі қызығушылық танытқанын атап өтті.

- Өткен жылы Ядролық физика институтының 65 жылдығына орай Халықаралық форум ұйымдастырылды. ИЯФ тарихында алғаш рет форумның құрметті қонақтары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесу барысында Chioda Technol Corp компаниясының президенті Атару Иноуи мемлекет басшысына Ядролық физика институтыда өндірілетін радиофрампрепараттарды сатып алуға дайын екенін айтқан болатын.

Екіжақты кездесу барысында ССР-Қ зерттеу реакторында жаңа медициналық радиоизотоптарды өндіру мүмкіндіктері, оның ішінде қазіргі заманғы ядролық медицинада қолданылатын негізгі изотоп Молибден-99 өндірісі талқыланды.

Сондай-ақ, жұмыс сапар барысында ұлттық радиоэлементтер институтының (ire) делегациясы инфрақұрылыммен танысу және бағалау үшін CCР-Қ зерттеу реакторына, радиохимия және радиофармпрепараттар өндірісі ғылыми-техникалық орталығына, кешенді экологиялық зерттеулер орталығына, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығына барып жұмыс барысымен танысты.

Ұлттық радиоэлементтер институты (IRE) — Ядролық медицинада кеңінен қолданылатын  Молибден-99 изотопын өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.

Молибден-99 (Мо-99) — онкологиялық ауруларды емдеуде және диагностикалық процедураларды жүргізуде қолданылатын радиофармпрепараттарды дайындау үшін медицинада қолданылатын негізгі изотоп. Ұлттық радиоэлементтер институты бүкіл әлемдегі (IRE) Молибден-99-дың  40% өндіреді.

Жалпы, үшкіндік сапарда Ұлттық радиоэлементтер институтының делегациясы ЯФИ жүргізетін зерттеулердің бірегейлігін, сондай-ақ қызметкерлердің кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтті.