15–16 қаңтар аралығында Ядролық физика институтының (ЯФИ) бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Массачусетс технологиялық институтының (MIT) екі ғылыми-зерттеу зертханасымен танысты.
Алғашқы экскурсияны Plasma Science & Fusion Center (Плазма ғылымы және термоядролық зерттеулер орталығы) докторанты Алексис Девитре (Alexis Devitre) ұйымдастырып, ИЯФ өкілдерін KEV зертханасымен таныстырды. Бұл зертханада бөлшектер үдеткіштері арқылы сәулелендірілген материалдардың қасиеттерін зерттеуге арналған заманауи технологиялар жасалуда. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – TG-спектроскопиясы (Transient Grating Spectroscopy). Мезомасштабты ядролық материалдар тобының ғылыми қызметкері Ангус Уайли (Angus Wylie) TG-спектрометрінің жұмыс қағидаттарын түсіндіріп, материалдың беткі қабаттарында лазер сәулесі арқылы пайда болатын кеңістіктік периодты қозуларды талдау әдісін көрсетті. Бұл технология материалдардың қасиеттерін бұзбай зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі саналады.
Екінші экскурсия MITR зерттеу реакторының зертханасында өтті. Экскурсияны реактор директоры Гордон Косе (Gordon Kohse) жүргізді. 6 МэВ энергиясымен жұмыс істейтін, ЯФИ-ғы реакторға ұқсас су түрінде жасалған бұл реактор материалдардың экстремалды жағдайлардағы қасиеттерін зерттеуге және реакторлық жылу бөлетін құрамаларды сынауға қолданылады.
Сапар аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, профессор Саябек Сахиев MIT зерттеу реакторының директоры Гордон Косеге ЯФИ алаңында жаңа зерттеу реакторын салу жобасында сарапшы-кеңесші болуды ұсынды. Аталмыш реактор Қазақстандағы АЭС технологияларының шетелдік жеткізушісін таңдау үшін міндетті шарт болуы тиіс.