Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ делегациясы Массачусетс технологиялық институтына (MIT) барды

21 мен 26 мамыр аралығында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация ғылым мен технологиялар саласындағы жетекші әлемдік орталықтардың бірі — Массачусетс технологиялық институтына (MIT) барды.

Сапар барысында ЯФИ өкілдері MITR (MIT реакторы) зерттеу реакторының инфрақұрылымы және жүргізіліп жатқан жобалармен танысты. Ядролық технологиялар, радиациялық сынақтар мен жаңа материалдар салаларында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

ЯФИ мен MIT радиациялық материалтану саласында — ядролық технологиялар мен термоядролық энергетиканы дамыту үшін маңызды бағыт бойынша — бірлескен жобаларды іске асырып келеді.

Сапар аясында MIT магистранттарымен әңгімелесу де өтті. Таңдау нәтижесінде MIT-тің бір студенті ядролық физика институтының Радиациялық материалтану зертханасына жазғы ғылыми тағылымдамаға жіберілетін болды. Бұл — ынтымақтастықты тереңдету және жас мамандарды даярлаудағы жаңа қадам.