Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ-де спартакиада ойындары басталды

Ядролық физика институтында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиада ойындары басталды.Спорттық шара жыл сайын спорт дәстүрлерін сақтау, салауатты өмір салтын қолдау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ Институттың корпоративтік мәдениетін нығайту мақсатында өткізіледі. Спартакиаданың ашылуында Институт бас директоры Саябек Сахиев жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап,қатысушаларға сәттілік тіледі.Сонымен қатар Кәсіподақ төрағасы Алимов Дилшод спорттық жарысқа қатысушыларға табыс тілеп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталатынын жеткізді. Биылғы спартакиада волейбол және футбол ойын түрлерінен өткізіледі. Жалпы ойынға 9 команда қатысуда. Футбол ойынында 5 команда, ал волейбол ойынында 4 әйел және 4 ер командалары өзара бақ сынасатын болады. Алғаш рет спартакиадаға №7 жалпы білім беретін мектептің екі қыздар құрама командасы қатысуда. Спартакиада мамырдың 17-не дейін өтеді. Жалпы командалық есептің жеңімпаздары Кәсіподақ кубогымен марапатталады.