Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ бас директорының ҚР Франциядағы Құрметті консулымен кездесуі

2022 жылы 29 тамызда Гренобль қаласында Ядролық физика институтының бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ҚР Франциядағы Құрметті консулы, MEDEF Isère бөлімшесінің басшысы Софи Сидоспен кездесті.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. ЯФИ директоры отандық институтының жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кремнийдің трансмутациялық допингін жүргізу мүмкіндігі бар екенін айтты. Осыған байланысты ол әлеуетті француз серіктестеріне ҚР аумағында монокристалды кремний өндірісін ұйымдастыруды қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ Саябек Сахиев Қазақстанда сутегін өндірудің жаңа көміртегісіз технологиясын енгізу мүмкіндіктерін зерттеуді ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар ЯФИ автокөлік паркін электрмен жабдықтау жүйесіне көшіру бойынша пилоттық жобаны, соның ішінде сутегі толтыру стансасының құрылысын талқылады.

Өз кезегінде С.Сидос осы ғылымды қажет ететін салада байланыс орнатуға және ұсыныстарға жан-жақты сараптамалық талдау және техникалық консультациялар жүргізу мақсатында MEDEF қауымдастығымен бірлесе отырып, осы бастамаларды қарастыруға мүдделілігін білдірді.