2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) «АППАҚ» ЖШС, «КАТКО» БК» ЖШС, «Хорасан-U» ЖШС, «ОТХК» БК» ЖШС уран өндіруші кәсіпорындарының мамандары үшін «Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері» оқыту курсын өткізді.
Курстың мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен, жүйені басқарумен таныстыру.Оқыту барысында ядролық физикалық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары, ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және физикалық қорғау жүйелерінің өзара әрекеттестігі мәселелері көтерілді.ЯҚОО нұсқаушылары теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын, Орталықтыңорынжайларымен және оқыту полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқу курсының тыңдаушылары үшін ССР-Қ зерттеу реакторына бару ұйымдастырылды.Курсқа АҚШ Энергетика министрлігінің өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
Оқыту қорытындылары бойынша ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты 13 қазақстандық маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.