Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Ядролық ғылым және технология» халықаралық форумы аяқталды: негізгі мәселелер талқыланып, меморандумдарға қол қойылды

11 қазанда V Халықаралық «Ядролық ғылым және технологиялар» форум жұмысы аяқталды. Көрнекті ғалым, академик және Ядролық физика институтының негізін қалаушылардың бірі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған ғылыми жиынға 15 елден келген 135 ғалымды қоса алғанда, барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Дәстүрлі форум бүгінде ядролық физика, атом энергетикасы, радиациялық экология және аналитикалық әдістер саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын жетекші халықаралық алаңдардың біріне айналды.

Форум аясында жоғары энергия физикасы, ғарыштық сәулелер және космология, атом энергетикасының қауіпсіздігі, баламалы энергетика, қолданбалы ғылыми зерттеулердегі аналитикалық әдістер, ядролық криминалистика және ядролық медицинаның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылуы сияқты тақырыптарды қамтыған 260 баяндама ұсынылды.

Форум барысында келесі маңызды іс-шаралар өтті:

•   15-ші Халықаралық «Ядролық және радиациялық физика» конференциясы,
•   4-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Медицинада, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында ядролық және радиациялық технологиялар»,
•   CERN-нің жоғары энергия физикасы, үдеткіш технологиялар және ядролық медицина бойынша 8-ші мектебі.

Сонымен қатар, Ядролық физика институты жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен, оның ішінде TÜBİTAK қолданбалы ғылымдар зерттеу институты, Beijing Normal University және Өзбекстан Ғылым академиясының Физика-техникалық институтымен ғылыми ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойды.

Форум ядролық технологиялар және іргелі ғылым саласындағы озық біліммен алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.