Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық технологиялар мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Корея Республикасына жұмыс сапары барысында Ядролық физика институтының делегациясы Пусан қаласының технопаркі мен мэриясында болды. Кореялық әріптестермен технопарктың инновациялық инфрақұрылымын ядролық технологияларды дамыту үшін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Қазіргі заманғы ядролық технологияларды онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобалардың перспективалары қарастырылды.

Пусан өкілдері технопарктер арқылы жоғары технологиялық шешімдерді біріктіру тәжірибесімен бөлісіп, олардың ғылыми зерттеулерді қолдаудағы және әзірлемелерді коммерцияландырудағы рөлін атап өтті. Өз кезегінде, Институт делегациясы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.