Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық қондырғының физикалық қорғанысын құру негіздері бойынша оқыту

2025 жылғы 8-12 қыркүйек аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы қазақстандық атом саласының мамандарына «Ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау негіздері» атты оқыту курсын өткізді.

Курстың мақсаты – рұқсат етілмеген әрекеттерді болдырмау, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және штаттан тыс жағдайларға ден қою арқылы ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Оқыту курысының теориялық бөлігі Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптарына және АЭХА ұсынымдарына, физикалық қорғау жүйелерін жобалау, орнату, техникалық қызмет көрсету негіздеріне, объектіге кіруді бақылау, тасымалдау кезінде материалды қорғау, тексерулер мен функционалдық сынақтар жүргізу сабақтарына арналды. Практикалық сабақтар барысында топ бойынша тыңдаушылар гипотетикалық объектіні қорғауды жобалады, оқу көліктері мен жаяу жүргіншілерге арналған БӨП-де тексерулер жүргізді, ядролық материалдардың оқу қоймасына тексеріс жүргізді, физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау жұмыстарын орындады.

Талқылаулар барысында мамандар әртүрлі физикалық қорғау аспектілерін және олармен байланысты мәселелерді қарастырды. Курс аясында тыңдаушылар үшін реакторды таныстыру бойынша тур ұйымдастырылды.

Тестілеу қорытындылары бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының 13 маманы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.