2026 жылғы 20-24 сәуірде аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы қазақстандық атом саласының мамандарына «Ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау негіздері» атты оқыту курсын өткізді.
Курстың мақсаты – рұқсат етілмеген әрекеттерді болдырмау, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және штаттан тыс жағдайларға ден қою арқылы ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Оқыту барысында мамандар физикалық қорғаудың әртүрлі аспектілерін және олармен байланысты мәселелерді қарастырды. Курстың теориялық бөлігі Қазақстанның Нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдарын, жобалау негіздерін, физикалық қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, тасымалдау кезінде материалды қорғау, физикалық қорғау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру мәселелерін қамтыды. Тәжірибелік сабақтар барысында тыңдаушылар гипотетикалық объектіні қорғауды жобалады, оқу көліктері мен жаяу жүргіншілер БӨП-да тексеру жүргізді, ядролық материалдардың оқу қоймасын тексерді, бұзушылар тобының ядролық материалды ұрлау әрекетінің сценарийін іске асыру арқылы физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін бағалады.
Тестілеу қорытындысы бойынша "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" уран өндіруші кәсіпорындарының 17 маманы және ЯФИ-нің 2 маманы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.